Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы наурыздағы № 330 қаулысына өзгерістер енгізу туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1239 қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы наурыздағы № 330 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1239 қаулысы
  

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысымен күші жойылды

   

«Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449  Жарлығын iске асыру мақсатында сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасының Iшкі iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы) және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы № 330 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Iшкі iстер, Әділет министрлiктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігiнiң (қаржы полициясы) және олардың ведомстволарының қызметкерлері штат санының лимиттерi және республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әділет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы) және олардың ведомстволары аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң

2004 жылғы 26 қарашадағы №  1239 қаулысына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң

2004 жыл 17 наурыздағы № 330 қаулысымен

Бекiтілген

 

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Әдiлет

министрлiктерiнiң, Экономикалық қылмысқа

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

агенттiгiнiң (қаржы полициясы) және

олардың ведомстволарының қызметкерлерi

штат санының лимиттерi

 

P/c

Атауы

Штат
санының
лимитi

1

2

3

1

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi ведомстволарды қоспағанда
министрлiктiң орталық аппараты
Iшкi әскерлер комитетi
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және
есiрткi айналымын бақылау комитетi

1403

1129
225
52

2

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі ведомстволарды қоспағанда министрліктiң орталық аппараты
Тiркеу қызметi комитетi
Зияткерлiк меншiк құқықтары комитеті
Қылмыстық атқару жүйесi комитетi
Халыққа құқықтық көмектi және заңгерлiк
қызметтер көрсетудi ұйымдастыру комитеті

420
157
 
41
27
173
22

3

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы)

338

 

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң

2004 жылғы 26 қарашадағы №  1239 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң

2004 жыл 17 наурыздағы № 330 қаулысымен

Бекiтілген

 

Республикалық бюджет қаражаты есебінен

қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы

Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерiнiң,

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес агенттігiнiң (қаржы полициясы) және

олардың ведомстволарының аумақтық органдары

штат санының лимиттерi

 

P/c

Атауы

Штат
санының
лимитi

1

2

3

1

Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрлігі

18068

2

Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгі
ведомстволарды қоспағанда министрлiктiң
аумақтық органдары
Қылмыстық атқару жүйесi комитетi

2885
1830
 
1055

3

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттiгi (қаржы полициясы)

3447

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку