«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 19 бұйрығы (күші жойылды)
«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 19 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:
14-1, 14-2, 14-3, 14-4, 14-5, 14-6, 14-7, 14-8, 14-9 және 14-10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1. Халық қатысатын бюджет - азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы.
Жобалық ұсыныс - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қазақстан Республикасы азаматы дайындаған және берген, іске асырылуы әкімдіктің (әкім аппаратының) құзыретіне жататын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжат. Үлгілік жобалық ұсыныстарды әкімдік (әкім аппараты) ресми интернет-ресурста орналастырады.
Аудандық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында ресми интернет-ресурстары болмаған кезде үлгілік жобалық ұсыныстар тиісті аудандар әкімдіктерінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Дауыс беру - әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында электронды түрде немесе «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - ЖӨБ туралы Заң) сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы дауыс беру жолымен жобалық ұсыныстар арасында жеңімпаздарды анықтау процесі.
14-2. Халық қатысатын бюджет мынадай елді мекендерде іске асырылады:
1) республикалық маңызы бар қалалар, астана;
2) облыстық маңызы бар қалалар;
3) ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын және халық саны 10000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар.
Документ утратил силу
Демо – версия документа