(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ КЕЗІНДЕ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ...
Осы редакция 2017 жылғы 10 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 394 бұйрығына
2-қосымша
«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Комитет) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа