«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 914 Жарлығы (қолданысқа енген жоқ)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 914 Жарлығы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ережеде:

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сот жюриі он үш судьядан - аудандық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - аудандық сот) үш судьясынан, облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі - облыстық сот) төрт судьясынан, кассациялық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.»;

17-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

20-тармақ алып тасталсын;

21-1 және 21-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21-1. Сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша жоғары тұрған сот сатысының ұсынуы судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемегенде заңдылықты өрескел бұзу фактісі анықталған күннен бастап бір ай ішінде:

1) аудандық соттың судьясына, төрағасына немесе облыстық соттың судьясына қатысты - облыстық соттың жалпы отырысына;

2) облыстық соттың сот алқасының төрағасына, төрағасына, кассациялық соттың судьясына қатысты - кассациялық соттың жалпы отырысына;

3) кассациялық соттың төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына немесе сот алқасының төрағасына қатысты - Жоғарғы Соттың жалпы отырысына талқылауға шығарылады.

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку