«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 82 бұйрығы
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 82 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгілік шарт нысанында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өңірлік үйлестірушіден қажетті қаражатты алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға/МҚҰ-ға субсидиялар аудармауға;»;
4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Ұлттық жоба/Тетік шеңберінде ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жіберуге міндеттенеді».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы үлгілік шарт нысанында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа