(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2007 Ж. 27 ТАМЫЗДАҒЫ № 90 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы № 90 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» ресми басылымында 2001 жылғы 22 сәуір - 6 мамырда № 9 (206) жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4048 тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 17 ақпандағы № 28-29 (835) жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесінде:
Редакция документа
Демо – версия документа