(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.05.08 № 915 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.05.08 № 915 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 5 тамыздағы

№ 915 қаулысымен

бекітілген

 

 

Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау
қағидасы
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждардың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағида Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына пайдаланылады.

3. Лауазымы бар немесе арнайы біліктілікті талап ететін жұмыстарды орындайтын кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом берілуі тиіс, кемелердің командалық құрамының адамдары да әрбір кейінгі үш жыл өткен соң аттестаттауға жатады.

Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электр-механиктеріне және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом беру рәсімінен өткен адамдарға диплом беріледі.

Кемелердің старшина-моторшыларына, кемелердің кеме жүргізуші-механиктеріне және бас қозғалтқыштарының қуаты 55 кВт-тан (75 ат күші) 110 кВт-қа (149 ат күші) дейінгі кемелердің рульші моторшыларына біліктілік куәлігі беріледі.

4. Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беруге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1) білімі - жоғарғы немесе орта кәсіптік;

2) жүзу өтілін растайтын құжаттың;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку