«Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 185 Бұйрығы (күші жойылды)
«Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 185 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 бұйрығымен күші жойылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңының 32-бабы 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 202 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2934 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасалатын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және жекеше нотариустардың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
барлық мәтін бойынша «аумақтық әділет органы», «аумақтық әділет органдарының», «әділет органы», «әділет органының», «әділет органына» деген сөздер «әділет департаменті», «әділет департаменттерінің», «әділет департаментінің», «әділет департаментіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «, оның мақсатын, міндеттерін, қағидаттары мен көлемін» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
«күтіледі» деген сөз «қамтиды» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «тексеруден» деген сөз «тексеру» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «тексеру» деген сөз «тексеруді» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «зерделеу» деген сөз «зерделеуді» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «тексеру» деген сөз «тексеруді» деген сөзбен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа