«Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі № 364 Бұйрығы
«Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге
қатысушыларды тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау
агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы № 213 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті
Төрағасының 2005 жылғы 19 қыркүйектегі № 364 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 459, 459-1-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы № 213 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2338 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған, 2004 жыл, № 37-40, 1016-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "Агенттік" деген сөз "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Бұл ретте, осы Ережемен белгіленген талаптар лицензиаттардың Кеден кодексімен белгіленген біліктілік талаптарын сақтауы бөлігінде кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын іс-шараларға таратылмайды" деген сөздері алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру Кеден кодексінің 459, 459-1 баптарында көзделген негіздер және кезеңділік бойынша жүргізіледі";
Демо – версия документа