«Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің № 2810 болып тіркелген 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 162-І Бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің № 2810 болып тіркелген 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 162-І Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
Жолаушылар, багаж және жүк багажы тасымалдарын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына (2004 жылғы 16 сәуірінде № 2810 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесінде:
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жолаушылар тасымалын автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі - АБЖ) - жолаушылар тасымалын орталықтандырылған басқару және орындарды электронды сақтау жүйесі»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) темір жол көлігіндегі тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тасымалдаушы»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде көлік саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасындағы көлік кешенінің қызметін үйлестіруді, реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган»;
7-тармақтың үшінші абзацындағы «өзі» деген сөз алынып тасталсын;
үшінші абзацта:
«жеке тұлғаның» деген сөздерден кейін «топ басшысының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа