(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ)
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың кейбір мәселелері
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы
23 қазандағы № 1077 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 4 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 17, 152-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу".
2. " Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысында:
1) 1-тармақта:
"ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" деген сөздер "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
"дәнді дақылдардың тұқымын" деген сөздерден кейін "ішкі рынокта" деген сөздермен толықтырылсын;
"қаражатын бөлу" деген сөздерден кейін "және осы жұмысты 1998 жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқтау" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" деген сөздер "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астықты бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен (оның ішінде жеке тұлғалардан да) сатып алу";
4) аталған қаулының 1-қосымшасында:
атауындағы "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамы несиелік қаражатының есебінен" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақта:
Редакция документа
Демо – версия документа