(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 3 АҚПАНДАҒЫ № 158 ҚАУЛЫСЫ
Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық
кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су
жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 22.02.00 ж. N 276; 25.03.01 ж. N 378; 14.03.02 ж. N 304;
21.03.03 г. N 290 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 29 қарашадағы N 1204 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлуді реттеу және оларды ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу ережелері бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 22.02.00 ж. N 276; 25.03.01 ж. N 378; 14.03.02 ж. N 304 қаулыларымен 2-тармақ өзгерді.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. N 290 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi табиғат пайдаланушылар арасында Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшілiгi учаскелерiн бекiтiп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу мәселелері жөнiнде конкурс (тендер) өткiзу бойынша комиссияны:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (комиссия төрағасы);
тиiстi облыс әкiмдiгiнiң (облыс әкiмiнiң орынбасары);
Редакция документа
Демо – версия документа