(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 12.09.01 Ж. № 1182 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N
135 және 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулыларына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 1182 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 54-құжат):
көрсетілген қаулының қосымшасында:
1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
2) "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат):
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
IV "Шығыстар" бөлімінде:
5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
5 "Медициналық көмектің басқа түрлері" ішкі функциясында:
"889 878" деген сан "568 721" деген санмен ауыстырылсын;
612 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" әкімшісі бойынша:
"334 020" деген сан "12 863" деген санмен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа