(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТIРКЕУ» МЕМЛЕКЕТТІК К...
Осы редакция 2017 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 555 бұйрығына
2-қосымша
«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 40 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 40 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.12.07. № 465 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Редакция документа
Демо – версия документа