(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛ...

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛ...

Осы редакция 2017 жылғы 10 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 556 бұйрығына

8-қосымша

 

  

 «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:

1) Министрлiктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО);

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

кеме билетiн беру - 7 жұмыс күні;

кеме билетiнің телнұсқасын беру - 7 жұмыс күні;

шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде - 5 жұмыс күні.

ХҚО-ға өтініш берген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку