(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМ КЕПІЛІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ» МЕМЛЕКЕ...
Осы редакция 2017 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 555 бұйрығына
3-қосымша
«Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 40 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЕДБ;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 40 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру - 2 (екі) жұмыс күні;
құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) ЕДБ арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні;
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген бас тарту өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні.
Редакция документа
Демо – версия документа