2007 жылға арналған өндірістік күнтізбе

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2007 жылға арналған өндірістік күнтізбе

2007 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ӨНДІРІСТІК КҮНТІЗБЕ

 

 «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс деп көзделген. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келісуі бойынша жұмыс уақыты аз ұзақтықта көзделуі мүмкін.

Аталған Заңның 46-бабы  қызметкерлердіңжекеле-ген санаттары үшін қысқарған жұмыс уақытын былайша белгілейді:

он төрттен он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспауын; он алтыдан он сегізге дейінгі жастағыларға - аптасына 36 са-ғаттан аспауын;

ауыр жұмыстармен айналысатын және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстардағы қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспауын көздейді.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1-тармағына сәйкес бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығы белгіленеді.

«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің сол жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген жұмыс уақытының есебін жүзеге асыруға тиіс.

Өндірістік күнтізбеде айларға, тоқсандарға және тұтас 2007 жылға арналған жұмыс күндеріндегі жұмыс уақытының нормалары көзделген. Ол 40 сағаттық және 36 сағаттық жұмыс аптасы кезіндегі сегіз, жеті және алты сағаттық жұмыс күніне орай бескүндік және алтыкүндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша есептелген.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында аталып өтетін ұлттықжәне мемлекеттік мерекелер күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер деп танылады.

Қазақстан Республикасында мерекелік күндер жұмыс істемейтін күндер болып саналады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку