Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 11 ҚАНТАРДАҒЫ № 41 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне

және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы N 41

қаулысы

(ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. N 550; 30.07.02 ж. N 854;

24.01.03 ж. N 91; 30.09.03 ж. N 1008; 27.11.03 ж. N 1191;

27.01.04 ж. N 89; 19.08.04 ж. N 867; 27.09.04 ж. N 985;

07.10.04 ж. N 1040; 2004.24.12. N 1367 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы редакцияларды қара

ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 қаулысымен тақырыбы толықтырылды (бұр. ред. қара)

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 91 (бұр. ред. қара); 19.08.04 ж. N 867 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады, деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi:

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi;

мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;

қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар ;

Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку