(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 15 СӘУРДЕГІ № 429 ҚАУЛЫСЫ
Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.01.04 ж. N 459 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 8 қыркүйектегі N 942 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн:
1) аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары;
2) балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары;
3) өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары.
2. "Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарларды 1998-2002 жылдары шектеулi алудың мүмкiндiктерiн зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 14 қазандағы N 1035 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 36, 329-құжат) мынадай толықтыру енгізiлсiн:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жануарларды аулағаны үшiн төлем ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi, бiр дарағы үшiн теңгемен:
арқар - 900000;
үстiрт арқары - 500000;
қарақұйрық - 38000".
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысымен
бекiтiлген
Аңшылық объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн
пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары
Редакция документа
Демо – версия документа