(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 28.03.02 Ж. № 366 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы
күрес станциясы" мен "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк
мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 наурыздағы N 366 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604; 28.10.04 ж. N 1117
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Обаның табиғи ошақтары аумақтарында осы жұқпаның алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 1 Мекеме) бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 2 Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. 1 және 2 Мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 1 және 2 Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа