(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.04.01 ж. N 494; 23.05.01 ж. N 695; 03.09.03 ж. N 893;
03.03.04 ж. N 260 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 260 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және есiрткі бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитетi құрылсын.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 260 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Нашақорлыққа және есiрткi Бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N 677 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 21, 238-құжат) 1, 2, 3, 4, 8-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрес жөніндегі комитеті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа