(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін
қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 ж. 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.03.99 ж. N 187; 14.09.99 ж. N 1389;
27.09.99 ж. N 1458; 07.12.99 ж. N 1870; 29.03.00 ж. N 454;
24.01.01 ж. N 122; 16.04.01 ж. N 498;
26.12.01 ж. N 1697; 18.02.02 ж. N 227;
05.03.02 N 274;20.06.02 N 685; 11.10.02 ж. N 1119 қаулыларымен
енгізілген өзгерістермен)
Осы редакция 25.07.03 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 26.12.01 ж. N 1697 қаулыcымен тақырыбы өзгерді.
ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. N 1870; 26.12.01 ж. N 1697 қаулыларымен кіріспе өзгерді.
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру, мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану, деректерді ақпараттық алмасу мен мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Үкіметтің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінің тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. N 1870; 26.12.01 ж. N 1697; 20.06.02 ж. N 685 қаулыларымен 1-тармақ өзгерді.
1. Мына құрамда Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметті үйлестіру жөніндегі комиссия құрылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа