Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258-1 Заңы
(ҚР 20.11.98 ж. N 303-1; 24.12.98 ж. N 334-1; 11.06.01 ж.
N 207-II; 13.06.01 ж. N 212-II; 24.12.01 ж. N 276-II;
29.12.03 N 512-11; 05.07.04 N 570-11 Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретiндегi ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi.

ҚР 05.07.04 N 570-11 Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)

1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi

1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады.

2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.

ҚР 05.07.04 N 570-11 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды

1-1-бап. Алматы қаласының нышаны

1. Алматы қаласының өз елтаңбасы бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады.

2. Алматы қаласы елтаңбасының сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін және оның бейнесiн Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды.";

ҚР 29.12.03 N 512-11; 05.07.04 N 570-11 (бұр.ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Алматы қаласының аумағы

1. Алматы қаласының аумағын Қазақстан Республикасы Үкiметінің ұсынуы бойынша әрі жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтiн және өзгертетiн Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку