Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 5 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1240 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республакасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазақ қоршаған

ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты" еншiлес

мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1240 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1113 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым мен табиғат қорғау саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң бекiтуiне Кәсiпорынның жарғысын ұсынсын;

2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку