Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң

кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 ж. 20 тамыздағы N 837 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттiк үйлестiрушi орган болып белгіленсiн";

2) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі" деген бөлiмде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау
 министрлігі";
 мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 27-1, 27-2, 27-3-жолдармен
толықтырылсын:
 "27-1 Қазақстан Республикасы
 Экономика және бюджеттiк
 жоспарлау министрлiгiнiң
 Шаруашылық басқармасы"
 республикалық мемлекеттiк
 қазыналық кәсiпорны Астана қаласы
 27-2 "Экономикалық зерттеулер
 институты" республикалық
 мемлекеттiк кәсiпорны Алматы қаласы
 27-3 "Арнайы бағдарламалардың
 ғылыми-әдiстемелiк орталығы"
 республикалық мемлекеттiк
 қазыналық кәсiпорны Астана қаласы";

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку