(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 18 НАУРЫЗДАҒЫ № 263 ҚАУЛЫСЫ
Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2003-2005
жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 263 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. N 132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.6.1-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай толықтыру енгізiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
"14. Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз eту".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
18 наурыздағы N 263 қаулысымен бекітілген
Инновациялық өндірістерді ғылыми-техникалық
қамтамасыз етудің 2003-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы
Астана, 2003 ж.
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Инновациялық өндiрiстердi
Редакция документа
Демо – версия документа