(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы
төлеудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 25 ақпандағы N 200 қаулысы
Осы редакция 2003 ж. 2 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудің ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2003 жылғы
25 ақпандағы N 200 қаулысымен
бекiтiлген
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы
мемлекеттiк жәрдемақы төлеудің
ережесi
Осы Ереже бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) төлеудің тәртiбiн "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары;
жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган - заңнамада белгіленген тәртіппен iрiктелген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер немесе ұйымдар.
2. Жәрдемақы алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет елдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар.
Демо – версия документа