(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.11.02 Ж. № 1258 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне жинақтаушы
зейнетақы қорлары қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтыру мен
өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 26 қарашадағы N 1258 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. N 356 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығына сәйкес келмеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. N 356 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметi";
реттiк нөмiрi 33-жол алынып тасталсын;
Демо – версия документа