(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2002 Ж. 3 ШІЛДЕДЕГІ № 322-II ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 336-ІІ Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы полициясының жүйесiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы
органдары
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.
2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
Редакция документа
Демо – версия документа