(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк
жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы N 647 қаулысы
Осы редакция 2003 ж. 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған индикативтiк жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
3. Ұлттық компаниялар:
1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзудi;
2) бұрын бекiтiлген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 432 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, N 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 14 маусымдағы
N 647 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң
ЕРЕЖЕСI
1-бөлiм. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа