Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже бекітілсін.

2. "Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 523-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ережеде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже Yкiметтiң жеке кесiмiмен бекiтiледi.";

8-тармақтағы "мектептен тыс ұйымдарға" деген сөздер алынып тасталсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2001 жылғы 22 маусымдағы

N 849 қаулысымен

бекiтiлген

Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы осы Ереже мектептен тыс ұйымдардың (бұдан әрi - Ұйым) қызметiн белгiлейдi.

2. Ұйым өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге және Ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

3. Ұйымдарда азаматтардың, қоғамның мемлекеттiң бiлiмдiк және мәдени қажеттiлiктерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатында бiлiм берудiң қосымша дамыту бағдарламалары iске асырылады.

4. Мемлекеттiк Ұйымдардың бiлiм беру қызметтерiне қол жеткiзудi мемлекет қамтамасыз етедi.

5. Ұйымның негiзгi мiндеттерi:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку