«Жекелеген ?ару т?рлерiнi? айналымына мемлекеттiк ба?ылау жасау
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 5 наурыздағы N 224 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi;
2) Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастрды әзiрлеу, шығару және жүргiзу жөніндегi нұсқаулық;
3) Мемлекеттiк оқ-гильза қоймасын құру ережесi;
4) Қару иелерi мен оны пайдаланушылардың бастапқы дайындығын ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi жарақат салатын тегіс ұзын ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс және газ қаруларының патрондарына медициналық-биологиялық және химиялық-аналитикалық сынақтар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiмде, "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды бергенi үшiн бiр жолғы алым мөлшерлерiн бекiту туралы, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа