Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш

туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы N

464-1 Заңы

Осы редакция ҚР 2003 ж. 2 шілдідегі N 443-I Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Осы Заң Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының мемлекеттік қарыз алуы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз алуы процесінде, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аваль - вексельдік кепілдік, оған орай мұны жасаған адам вексель бойынша міндетті басқа адамдардың міндеттемелерінің орындалу жауапкершілігін мойнына алады;

2) жалпы сыртқы борыш - алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы резидент еместерімен келісім-шарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы;

3) сыртқы заем - Қазақстан Республикасының резидент емесi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары;

4) сыртқы мемлекеттiк борыш - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдарының және Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының резидент емес кредит берушiлерi алдындағы сыртқы мемлекеттiк заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi;

5) iшкi заем - Қазақстан Республикасының резидентi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку