(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 18.05.99 Ж. № 382-1 ЗАҢЫ
Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18
мамырдағы N 382-1 Заңы
Осы редакция ҚР 2003 ж. 8 қантардағы N 379-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттігін, байланыс қызметін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
І-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Байланыстың мақсаты
1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырағысыз бөлігі болып табылады және оның аумағында қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың байланыс қызметіне деген қажеттігін қанағаттандыруға арналып өзара үйлестірілген өндірістік-шаруашылық кешен ретінде жұмыс істейді.
2. Байланыс құралдары мен есептеу техникасы ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) телекоммуникациялардың өзара үйлестірілген желісі - Қазақстан Республикасының аумағында орталықтандырылған басқарумен қамтамасыз етілген телекоммуникациялардың технологиялық септестірілген желілерінің кешені;
2) байланыстың ведомстволық желілері - өндірістік және арнайы мұқтаждарды қамтамасыз ету үшін құрылатын, жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісіне шыға алатын мемлекеттік органдардың телекоммуникациялар желілері;
Редакция документа
Демо – версия документа