(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ 5 СТАНДАРТЫ
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 13 қарашадағы
N 3 қаулысымен бекiтiлдi
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бухгалтерлiк есепке алудың 5 стандарты
Табыс
Мақсаты мен қолданылу өрiсi
1. Осы стандарттың мақсаты субъект қызметiнiң нәтижесiнде алынатын табыстарды есепке алу тәртiбiн айқындау болып табылады, стандарт табысты тану шарттарын сипаттайды, оның көлемiн бағалауға мүмкiндiк бередi, қаржы есептемелерiнiң түсінiктеме жазбахатында табысты танудың маңызды аспектiлерiн ашып көрсетудiң негiзгi сәттерiн айқындайды.
2. Стандарт тауар-материалдық қорларды (бұдан әрi - тауарлар) өткiзуден, қызметтер көрсетуден және субъектiге тиесiлi әрi процент, роялти мен дивидендтер әкелетiн активтердi пайдалануға беруден алынатын табыстарды есепке алу кезiнде қолданылады.
3. Субъектiлер бұл стандартты бухгалтерлiк есепке алудың басқа стандартының шарттары бойынша есепке алудың басқа әдiстемесi қажет болатын немесе қолдануға рұқсат етiлетiн жағдайлардан басқа кездерде табыстарды есепке алу кезiнде қолданады.
4. Осы стандарттың қолданылу өрiсiне қаржы активтерi мен мiндеттемелерiн өткiзу құнындағы өзгерiстер немесе олардың шығып қалуы нәтижесiнде туындайтын табыстар енбейдi.
Айқындамалар
5. Табыс - бұл есептi кезеңде активтердiң ұлғаюы немесе мiндеттемелердiң азаюы.
6. Субъектiнiң негiзгi және жанама қызметiнен алынған табыстар оның жиынтық табысын құрайды.
7. Өткiзу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар және оған дейiн тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге төленетiн құн.
Табысты бағалау және тану
8. Табыс алынған немесе алынуға тиiс өткiзу құны бойынша бағаланады.
9. Өткiзу құны субъектiнiң және активтi сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келiсiммен айқындалады.
10. Бiрдей мәмiлелер немесе субъект қызметiндегi бiрдей оқиғалар нәтижесiнде туындаған табыстар мен шығындар бiр мезгiлде танылады.
11. Табыс мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде:
Редакция документа
Демо – версия документа