Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 197ч қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 197ч қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетiлген қаулыға 220-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында реттiк нөмiрi 6-жолда:

"техникасын" деген сөзден кейiн "және жиһаздар" деген сөздермен толықтырылсын;

", жиһаз - 1 жинақ" деген сөздермен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулыға 230-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында "14" деген сандар "213" деген сандармен ауыстырылсын;

3) көрсетiлген қаулыға 249-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында "31" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;

"Астана қаласы - маммограф - 1," деген сөздерден кейiн "Ересектерге арналған өкпенi жасанды желдеткiш аппараты - 2, дефибриллятор - 1, электрокардиограф - 1, бронхоскоп - 1, электрлi жылытқышы бар матрацтар - 2, үздiксiз плазмоферезге арналған аппарат - 1, плазмоцитоферезге арналған аппарат - 1, УДС аппараты - 1, лапороскопиялық жедел араласуларға арналған бейнеэндоскопиялық кешен - 1, электромеханикалық морцелатор - 1, ультрадыбыстық диссектор - 1, операциялық үстелдер - 2, операциялық электрокоагулятор - 1, дәрілiк заттарға арналған дозаторлар - 4, қан реинфузиясына арналған аппарат - 1, хирургиялық вакуум сорғыштары - 3, оптикалық талшықты ларингоскоптар - 2, жатыр манипуляторы - 1, қанның электролиттерiн жедел айқындауға арналған аппарат - 1, қанның газдарын жедел айқындауға арналған аппарат - 1;" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д. Ахметов


 

Укажите название закладки

Создать новую папку