Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1032 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1032
Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мұқтаж азаматтарға олардың бiлім алу кезеңiнде берiлетiн әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 261-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мұқтаж азаматтарға олардың білiм алуы кезеңiнде берілетін әлеуметтік көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы нұсқаулықта:

2-тармақтың үшiншi абзацындағы "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

14-тармақ "бала кезiнен мүгедек балаларды" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балаларды" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов





































































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку