Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 4 қаулысы

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру
туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
2004 жылғы 21 сәуірдегі № 4 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, A.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлi - Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттік-құқық басқармасының бөлiм меңгерушiсi М.А.Пакирдиновтiң,

Республика Парламентi Сенаты мен Мәжілісiнiң депутаттары Н.Ш.Жолдасбаева мен Ә.Қ.Бәкiрдiң,

Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,

Республика Ақпарат вице-министрi А.Д.Досжанның,

Республика Әдiлет вице-министрi С.М.Бекбосыновтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы өтiнiшiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф.Бычкованы, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны

анықтады:

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Парламентi 2004 жылғы 18 наурызда қабылдап, 2004 жылғы 25 наурызда Республика Президентінің қол қоюына берген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Мемлекет басшысы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш енгізген.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку