Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 281а қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 5 наурыздағы № 281a қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасында "Марченко Григорий Александрович" деген сөздер "Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың 2) тармақшасында "Павлов Александр Сергеевич" деген сөздер "Марченко Григорий Александрович" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың 5) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жәмішев Болат Бидахметұлы (келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку