Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 504-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 4
желтоқсандағы № 504-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы


"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 179-құжат; № 14, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 6, 191-құжат; 2001 ж., № 15-16, 224-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 3-бап "жүйесiне енуiн жандандыру," деген сөздерден кейiн "жаңа технологиялардың бiр немесе бiрнеше сапаларын дамыту," деген сөздермен толықтырылсын;

2) 5-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi "атқарушы органдардың" деген сөздерден кейiн "немесе аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергілiкті өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсе отырып жасалған тиiстi орталық атқарушы органның" деген сөздермен толықтырылсын;

3) 7-бап мынадай мазмұндағы екiнші бөлiкпен толықтырылсын:

"Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша құрылған жағдайда арнайы экономикалық аймақты басқаруды Қазақстан Республикасының ?кіметі белгiлейтiн орталық атқарушы орган жүзеге асырады.".

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Укажите название закладки

Создать новую папку