Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 ақпандағы № 220 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 986 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 ақпандағы № 220 қаулысына
өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26
қыркүйектегі № 986 қаулысы

"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңын және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 109-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

2-тармақтың 1) тармақшасындағы "170000000 (бiр жүз жетпiс миллион)" деген сөздер "460000000 (төрт жүз алпыс миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов














 

Укажите название закладки

Создать новую папку