Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 және 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 23 шілдедегі № 733 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 және 2003
жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж.
23 шілдедегі № 733 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

"Астана қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 21-50-жол алынып тасталсын;

"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-86-жолмен толықтырылсын:

"123-86. "Ұлттық инновациялық қор" АҚ";

2) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысына:

6-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку