Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің «Ақпараттық қауіпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктiлігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысы (2016.28.12. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің «Ақпараттық қауіпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктiлігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысы

(2016.28.12. берілген өзгерістермен)

 

Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Ақпараттық қауiпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2. Мыналар:

1) Мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi;

2) Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлігін арттыруды ұйымдастыру болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:

1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыны іске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасы?кіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесі» деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру орталығы 8».

2) ҚР Үкіметінің 2016.28.12. № 887 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции