«Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет мәселелерi жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 21 сәуірдегі № 1071 Жарлығы (2015.29.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет мәселелерi жөніндегі кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 21 сәуірдегі № 1071 Жарлығы
(2015.29.12. берілген өзгерістермен)
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Президентінің 2014.29.08. № 900 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Президентінің 2015.29.12. № 152 Жарлығымен күші жойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ҚР Президентінің 2015.29.12. № 152 Жарлығымен күші жойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 141-құжат; 2001 ж., № 18, 222-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітiлген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Азаматты мемлекеттік қызметке мерзiмдi еңбек шарты бойынша қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 тараумен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiнiң бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға ауыстыру тәртібімен орналасуы
Демо – версия документа