Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы № 170 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы № 170 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 290 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 44, 400-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының кіріспесінде:

«Заңына» деген сөз «Заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» деген сөздермен ауыстырылсын және «маусымдағы» деген сөзден кейін «және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібінде:

1-тармақта:

«Заңына» деген сөз «Заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Қазақстан» деген сөздің алдынан», Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ «білім берудің» деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын:

«, оның ішінде кемтар балаларға арнаулы мектепке дейінгі және жалпы арнаулы білім берудің».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку