Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Демеу» ашық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қазандағы № 1089 қаулысы (күші жойылды)

«Демеу» ашық акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қазандағы № 1089 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 892 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Демеу» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметiнің негiзгі мәнi жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құрылысын, сондай-ақ оларды күрделi және ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртіппен:

1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Қоғамның жарғылық капиталына Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің таратылған «Қару-(Арсенал)-2» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiктi берсiн;

3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:

«Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-32-жолмен толықтырылсын:

«21-32 «Демеу» AAҚ»;

2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесi:

мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 266-жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне

266 «Демеу» ААҚ».

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

















 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку