Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 390 бұйрығы (күші жойылды)

«Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996
жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің
2002 ж. 28 тамыздағы № 390 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрлігінің 2007.21.06 № 217 бұйрығымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Бухгалтерлік есепке алудың нормативтік базасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 4 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" бухгалтерлік есепке алу стандартына:

стандарттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Ақша қозғалысы туралы есеп";

стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "ақша қаражатының", "ақша қаражаты", "ақша қаражатымен" деген сөздер "ақшаның", "ақша", "ақшамен" деген сөздермен ауыстырылсын;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"14. Шетелдік валютамен жасалатын операциялардан алынатын ақша қозғалысы операция жасалған күнге валюта айырбасының рыноктық бағамы қолданылып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгемен көрсетіледі.".

Көрсетілген қаулымен бекітілген 9 "Шетелдік валютамен жасалатын операцияларды есепке алу" бухгалтерлік есепке алу стандартына:

1-сілтеме алынып тасталсын;

стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "субъектілері", "субъектінің", "субъект", "нетто-инвестициялардың", "нетто-инвестициялар" деген сөздер "ұйымдары", "ұйымның", "ұйым", "таза инвестициялардың", "таза инвестициялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"шетелдік валютадағы операциялар және шетелдік бөлімшелердің ақшасын айырбастау нәтижесінде туындайтын түсімдер мен шығымдар ақшасының қозғалысы туралы есепке енгізу;".

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку