Қатонқарағай мемлекеттік ұлағаттық табиғат паркін құру туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 17 шілдедегі № 970 қаулысы
Қатонқарағай мемлекеттік ұлағаттық табиғат паркiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 шілдедегі № 970 қаулысы
Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық бағалы Оңтүстiк Алтайдың бiрегей табиғат кешендерiн сақтап қалу және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Берiл және Қатонқарағай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерi оларды «Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғат паркi» мемлекеттік мекемесiне (бұдан әрi - Мекеме) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мекемеге әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен Берiл және Қатонқарағай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерiне тиесiлi жалпы алаңы 515538 гектар жер учаскелерiне арналған тұрақты жер пайдалану құқығы берiлсiн. Мекемеге Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының жер қорынан жалпы алаңы 127939 гектар жер учаскелерi тұрақты пайдалануға қосымша берiлсiн.
3. Мекеменiң жерлерi - ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жерлерi санатына, ал осы аумақтағы ормандар - қорғалатын «мемлекеттік ұлттық табиғат парктерiнiң ормандары» санатына жатқызылсын.
4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Мекеменiң жерлерiн ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшiн осы аймақтың шегiнде мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың объектiлерiн сақтауға және ұдайы өндiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, оның сыртқы шекарасы бойымен қорғау аймағын белгiлесiн.
5. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi белгiленген тәртiппен жергiлiктi жердегi Мекеме жерлерiнiң шекараларын анықтасын.
6. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгiленген тәртiппен:
1) екi ай мерзiмде Мекеме туралы ереженi бекiтсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
7. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен және сома шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
8. «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекеленген ұйымдардың мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 74-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат паркi» мемлекеттік мекемесi» деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғат паркi» мемлекеттік мекемесi»;
2) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
1-бағандағы:
«50. «Берiл орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны
61. «Қатонқарағай орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны» деген жолдар алынып тасталсын;
2-бағандағы:
«44. Берiл орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi
54. Қатонқарағай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi» деген жолдар алынып тасталсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі