Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Экспортталатын тауарларды уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің Тәртібі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 15.02.01 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Келісілді

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрлігі

Мемлекеттік кіріс министрі

Кеден комитетінің

2001 жылғы 15 ақпандағы

2001 жылғы 15 ақпанда

№ 51 бұйрығымен

бекітілді

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды

Экспортталатын тауарларды уақытша декларациялау рәсiмдерiн
пайдалана отырып кедендiк ресiмдеудің
Тәртібі
1. Жалпы ережелер

1. Экспортталатын тауарларды уақытша декларациялау рәсiмдерiн пайдалана отырып кедендiк ресiмдеу жөніндегі осы Тәртіп (бұдан әрi Тәртіп) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) Заңындағы 193, 201-баптарына сәйкес әзiрленген және уақытша мәлiмдеудің рәсiмдерiн пайдаланған кезде тауарлар экспортының кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу тәртібін анықтайды.

2. Жүк кеден декларациясын берген күнi тауарлардың кедендiк құнын айқындау мүмкiн болмаған жағдайда уақытша мәлiмдеу процедурасы қолданылады.

3. Уақытша жүк кеден декларациясын (бұдан әрi - УЖКД) беру жолымен тауарларды ресiмдеу қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге тауарларды әкету жүргiзiлетiн кеден органының солар үшiн белгiленген орындарда жүзеге асырылады.

Көлiк құралдарының саны мен тасымал құжаттарына қарамастан, бiр сыртқы сауда шарты (келісім-шарт) бойынша бiр ғана алушының мекен-жайына бiр ғана жөнелтушi тек бiр ғана өткізу пунктi арқылы көлiктiң бiр түрiмен әкетiлген тауарлары бiр мезгiлде кедендiк ресiмдеуге берiлгенде тауарлардың бiр тобы түрiнде мәлiмденедi.

4. УЖКД-мен бiр мезгiлде оның электрондық көшiрмесi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген басқа құжаттары, кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге, кедендiк және валюттiк бақылауды атқару үшiн қажет құжаттар мен мәлiметтер ұсынылады.

5. УЖКД-сы жүк кеден декларациясын (бұдан әрi - ЖКД) толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады, онда келесi ерекшелiктер ескерiледi:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку