Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1775 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс
пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 28 қарашадағы № 1775 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне" бөлімі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 118-20 және 118-21 жолдармен толықтырылсын:

     "118-20  АЛА-000283    "№ 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ
                             (Алматы қаласы)
      118-21  АКТ-000128    "Азаматтық авиацияның № 406
                             авиажөндеу зауыты" ААҚ
                             (Ақтөбе қаласы)";

2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі № 1363 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 46, 422-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі:

"№ 406 авиациялық-техникалық орталық" ААҚ (Ақтөбе қаласы)" деген жол алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку